|
12.12.2021 | 12:43
834

Бақыт Байниязов: Деректі фильмде Желтоқсан оқиғасының тарихи маңыздылығы қамтылған

Бақыт Байниязов: Деректі фильмде Желтоқсан оқиғасының тарихи маңыздылығы қамтылған

«Тәуелсіздік. 1986. Желтоқсан» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақыт Байниязов «Желтоқсан – Ел Тәуелсіздігінің бастауы» атты деректі фильмде Желтоқсан оқиғасының тарихи маңыздылығы қамтылғанын атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Аталған фильмде көрсетілген оқиғалар арқылы Желтоқсан оқиғасының тарихи маңыздылығы қамтылып отыр. Кейіпкерлердің айтқан сөздері, желтоқсаншылардың басынан өткерген оқиғалары жүректі тебірентеді. Әрине, еліміз тарихында ойып орын алған Желтоқсан оқиғасын толықтай бейнелеп, бір сағатқа сыйғызу мүмкін емес. Дегенмен, алдағы уақытта фильмнің жалғасы болады деп үміттенемін. Жалпы, «Желтоқсан – Ел Тәуелсіздігінің бастауы» атты деректі фильм көңілімнен шықты, қатты ұнады», – дейді «Тәуелсіздік. 1986. Желтоқсан» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақыт Байниязов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир