Қала әкімі Испанияның Қазақстандағы елшісімен кездесті

Қала әкімі Испанияның Қазақстандағы елшісімен кездесті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Испания Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі Педро Хосе Санс Серраноны қабылдады. Кездесу барысында тараптар білім беру, мәдениет, туризм, экономика және басқа да салалар бойынша өзара ынтымақтастықты нығайту мәселесін талқылады. Шаһар басшысы Алматы қаласы испан бизнесмендерінің Алатау ауданындағы индустриялық аймаққа қатысуына қызығушылық танытып отырғандығын атап өтті. 

"Кездесу біз үшін өте маңызды. Өйткені, Алматы қаласының әл-ауқаты, болашағы өте зор. Біздің елшілік Астана қаласына көшіп кетті, бірақ осы қалада сауда бөлімі жұмыс жасауда. Мен сол бөлімге тікелей басшылық етемін. Жалпы, біздің тарап Алматы қаласымен арадағы сауда-саттықты, кәсіпті дамыту мақсатында қоян қолтық жұмыс жасауға өте қызығушылық танытып отыр",- деді Қазақстандағы Испания корольдігінің төтенше және өкілетті елшісі, Педро Хосе Санс Серрано. 

Айта кету керек, биылғы 8 айда Алматы қаласы мен Испанияның арасындағы тауар айналымы былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10% - ға өсіп, 59,1 млн. долларды құрады. Оның ішіндегі экспорт көлемі 6,5 млн. доллар болса, импорт 52,6 млн. долларға шақ. Бүгінде Алматыда 17 бірлескен және 17-испандық кәсіпорындар тіркелеген. 

Новости партнеров