Қазақстанда ағымдағы жылдың 9 айында инфляция 4,2 пайызды құрады

Қазақстанда ағымдағы жылдың 9 айында инфляция 4,2 пайызды құрады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда ағымдағы жылдың 9 айында инфляция 4,2 пайызды құрады. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда төмен. Ол кезде инфляция көрсеткіші 5,6 пайыз болған. Ал, Ұлттық банктің алтын-валюта қоры 10,2 пайызға өскен. Яғни, 32 жарым млрд долларға дейін ұлғайыпты. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болған бас банкир Данияр Ақышев осыны мәлімдеді. Кездесуде Президент ұлттық банк төрағасы еліміздің валюта және қаржы нарығындағы қазіргі жағдайды баяндады. Кездесудің соңында елбасы бас банкирге нақты бірқатар тапсырмалар жүктеді.

«Мұнай бағалары жоғары деңгейде сақталып тұр. Осы айда 2015-ші шілдеден бастап мұнай бағасы бірінші рет 60 АҚШ долларынан асып түсті. Валюта нарығы тамыздан бастап қазанның ортасына дейін айтарлықтай құбылды. Бұл жоғары девальвациялық күтулерге байланысты болды. Ұлттық банк шетел валютасын сату арқылы жағдайды тұрақтады»,- деді ҚР Ұлттық банк төрағасы, Данияр АҚЫШЕВ.




Новости партнеров