Ел тұрғындары арнайы қосымша арқылы мемлекеттік органдарға шағым жасай алады

Ел тұрғындары арнайы қосымша арқылы мемлекеттік органдарға шағым жасай алады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қордаланған мәселе енді арнайы қосымша арқылы шешіледі. Еліміздің Бас прокуратурасы халық шағымын қабылдаудың жаңа тетігін ойлап тапты. Жақында Қарағандыда іске қосылған қосымшаға қазірдің өзінде пәтер иелері кооперативі, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған шенділер үстінен 72 арыз келіп түсіпті. Оның  49-на жауап берілген. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есеп бойынша комитетінің төрағасы Бағдат Мусиннің айтуынша, бұл әдіс әлеуметтік желідегі шиеленісті азайтуға ықпалдасады. 


«Азаматтарға әлеуметтік желіге шағымдарын жазудың қажеті жоқ. Егер арызыңыз ескерусіз қалмасын десеңіз, осы қосымшаны пайдалануға әбден болады. Жазған шағымыңызға ешкім құлақ аспаса, онда Фейсбук сияқты желі арқылы мемлекет қол қусырып отыр деп жазсаңыз да орынды», - деді Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп бойынша комитетінің төрағасы Бағдат МУСИН.


Новости партнеров