Қазақстанда күдіктіні сот санкциясынсыз ұстау мерзімі 72-ден 48 сағатқа дейін қысқаруы мүмкін. Бұл адам құқықтарын сақтау тұрғысында айтулы жаңалық, дейді сарапшылар. Қазір елімізде қылмыстық-процесстік реформалау процессі қызу талқылануда. Алматыда Президент әкімшілігі, Конститутциялық кеңес, Жоғарғы сот, Бас прокуратура мен халықаралық сарапшылар бас қосты. Мақсаттары - азаматтардың құқықтарының тиімді қорғалуын қамтамасыз ету. Сондай-ақ, қылмыстық іс жүргізуге де 12-ден астам өзгерістер енгізілуі мүмкін. Ол Эстония, Германия және бірқатар елдердің табысты тәжірбиесі негізінде қолға алынбақ.
«Бірнеше бағытта жүргізілуі мүмкін. Заң саласындағы кемшіліктерді қалпына келтіру керек. Егер заңдық-құқықтық мына қылмыстық заңдарда жүргізу заңында олқылықтар орын алатын болса, оны толтыруымыз керек. Сот мәжілісінде нақты жүзеге асырылады. Сот билігі, сот төрелегі. Сонымен қатар, сот билігінің, сот төрелігінің екінші жағы сот бақылауы деген болады. Ал ол сот бақылауы арқылы, санкция беру арқылы жүзеге асырылады», - деді қалалық сотының төрағасы Нұрғазы ӘБДІҚАНОВ.