Қазақстандықтардың шетелдік шоттарда жатқан қаржысының тек 4 млрд доллары декларациялаған

Қазақстандықтардың шетелдік шоттарда жатқан қаржысының тек 4 млрд доллары декларациялаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандықтардың шетелдік шоттарда жатқан қаржысының тек 4 миллиард доллары ғана елімізде декларациялаған. Бұл туралы Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов хабарлады. Ведомство басшысы телекөпір барысында айтылған Президент тапсырмасынан кейін, өзге елдің шотындағы азаматтар мен компаниялардың ақшасын кері қайтару жайын шешу мәселесі қазір қолға алынғанын айтты.

«Салық кодексі бойынша, әр жеке тұлғалар өздерінің шоттары немесе мүліктері болса шетелде, оның барлығын декларациялау қажет. Өздерінің шетелдегі төрт миллард долларын декларациялаған. Аталған он төрт компаниямен біз жұмысты жасап келеміз. Басқа елдің салық органдарымен ақпарат алмасу, түрлі келесімшарт арқылы іс - шаралар қабылданып жатыр», - деді  ҚР Қаржы министрі Бақыт СҰЛТАНОВ.

Ал Бас прокурор Жақып Асанов біз көп жағдайда тергеуді білгенімізбен, ақшаны қалай дер кезінде қайтару керектігін біле бермейміз деп мойындады. Шекара асып, өзге елде қалып жатқан қаржыны қайтаруда жақсы мамандардың көмегі керек дегенді алға тартты. Сондықтан өз қатарларынан арнайы осындай мәселелерді шеше алатын қызметкерлерді тағайындап, оқытқан. Әзірге 10 прокурор тренинг- семинарлардан өтіп, сертификат алыпты.  

«Біз қазір Қазақстан бойынша арнайы маманды дайындап шықтық. Оларды «Ұлттық тренер» деп, сертификат бердік. Енді олардың міндеті - басқа қызметкерлерді осы әдістерге үйрету», - деді ҚР Бас прокуроры Жақып АСАНОВ.

Еске салайық, индустрияландыру күніне орай өткен жалпыұлттық телекөпір барысында мемлекет басшысы Үкіметке шетел асқан қаржыны елге қайтаруды тапсырды. Нұрсұлтан Назарбаев отандық 18 компанияның 12 жарым миллиард долларға жуық қаржысы шетелдік шоттарда жатқанын мәлімдеді.


Новости партнеров