Қазақстанның 9 облысынан 600-ге тарта адам құтқарушылардың көмегіне жүгінген

 Қазақстанның 9 облысынан 600-ге тарта адам құтқарушылардың көмегіне жүгінген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өткен тәуліктерде Қазақстанның 9 облысынан 600-ге тарта адам құтқарушылардың көмегіне жүгінген. Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі мәлімдегендей бірқатар өңірлерде қатты боран соғуда. Солтүстік Қазақстанның өзінде 76 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, 120-дан астам көлік тазартылған жолға ауыстырылған. Қолайсыз ауа-райы Шығыс Қазақстан облысында да орын алды. Онда құтқарушылар медициналық көмекке зәру 7 адамды аудандық ауруханаларға жеткізген. Ал, Қарағанды облысында 25 жолаушысы бар автобус қар құрсауынан босатылды. Қазгидромедтің болжамы да көңіл көншітпей отыр. Қазақстанның біраз бөлігінде қар жауып, кей жерлерде тұман, көктайғақ, тіпті қатты боран болуы мүмкін. Тек оңтүстік өңірлерде ғана көктемгі ауа райы орнап, күн ашық болмақ.

Новости партнеров