«Қазинвестбанкті» лицензиядан айыру себебі анықталды. Қаржылық мекеме тек соңғы екі апта ішінде 50 тұтынушыға 230 миллион теңге қарыз болған. Ал, шегерілген төлем көлемі 20 миллиард теңгені құраған. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады. Қаржы ұйымы бір емес, бірнеше мәрте қателік жіберген соң, жұмысы уақытша тоқтатылды. Енді «Казинвестбанктің» активтерін басқа екінші деңгейлі банктер ала алады.
«Қазинвестбанк» акционерлік қоғамы төлем және аударым операциялар тиісінше орындамағаны үшін банктік және өзге де жүргізуге берген лицензиядан 27 желтоқсаннан бастап айыру шешім қабылданды. Қазақстан Республикасы Ұлттық банк төрағасы бұйрығымен уақытша әкімшілік тағайындалды. Оған банкті басқарудың барлық органдарының өкілдіктері өтті. Уақытша әкімшілік сот комиссиясын тағайындағанға дейін жұмыс істейтін болады», - деді ҚР ҰБ банк жұмысын бақылау департаменті директорының орынбасары Ануар ІЗБАСАРОВ.
Банкті түбегейлі таратуды сот шешетін болады. Салымшылар қаржысын Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры төлейді. Жалпы «Қазинвестбанкта» 8 мың жеке тұлғаның салымы бар. Оларға ұлттық валютамен сақталған 10 миллион теңге мен доллармен сақталған 5 миллион теңге көлеміндегі салымдары қайтарылады. Қор жалпы 500 миллиард теңгені төлейді.
«Банк агент туралы жария етілген соң, осы банк бөлімшесіне келу қажет. Құжат тапсырылған 5 жұмыс күні ішінде салымшыларға кепілдендірілген төлем қайтарылады. Банк агенті ауқымды филиал желісіне ие болып, Қазақстан аумағындағы барлық Казинвестбанк салымшыларына қаржысын қайтаруға қауқарлы болады», - деді Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры төрағасының орынбасары Қуанышбек ӘБЖАНОВ.