Қуандық Бишімбаев қазынадан жымқырған қаражатын толықтай қайтарды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қуандық Бишімбаев қазынадан қылғытқан қаражатын толықтай қайтарды. Бұл туралы Ұлттық бюро департаментінің директоры Талғар Серікбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, күдікке іліккен Бишімбаев өзі жымқырған 1 млрд 200 млн теңгені мемлекетке түгін қалдырмай қайтарған. Сөйте тұра, оның ісі сотқа жолданды. Есте болса, бұрынғы Ұлттық экономика министрі биыл қаңтар айында қамауға алынған еді. Оған Қызылорда қаласында салынуы тиіс шыны зауытына бөлінген қаражатты иемденді деген айып тағылған. Қуандық Бишімбаев 1млрд 200 млн теңгені «Бәйтерек» холдингін басқарып тұрған кезінде қалтасына басқан екен.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
11.11.2026 13:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
11.11.2026 08:15
Нөсер жаңбыр, қар аралас жаңбыр және жел: Алматыда күн бұзылады
10.11.2026 12:10
Елордадағы қайғылы оқиға: көз жұмған қыздың бірі күзде көшіп келген
10.11.2026 19:11
Қазақстан экономикасының 10 айдағы өсімі 4,5% болды
10.11.2026 10:00