Ұлттық банк Дельта банкті лицензиясынан айырды

Ұлттық банк Дельта банкті лицензиясынан айырды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлттық банк Дельта банкті лицензиясынан айырды. Бұған себеп - несиелер бойынша мерзімі өтіп кеткен қарыздардың көптігі. Банкті лицензиядан айыру туралы шешім қабылданған сәтте корреспонденттік шотта және банк кассасында 215,1 млн теңге болған. Ал депозиторлар мен кредиторлар алдындағы қарыз мерзімі өтіп кеткен ақша 79,8 млрд теңгені құраған. Бұл ретте Ұлттық банк Дельта банктің қызметін мәжбүрлі түрде тоқтату жөнінде сотқа шағымдануға ниетті екендігін хабарлады. Сот шешім шығарған соң, 14 күн ішінде Дельта банк салымшыларының депозиттері толықтай қайтарылатын болады. Оны Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры өтеп беретін болады.

«Қазіргі уақытта Дельта банкке депозит салған салымшылардың саны 2242 адам. Ал құйылған қаражат 126 млн теңгеге жуықтайды. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры арнайы резервінің көлемі 547 млрд теңге. Өтеп беру құны айтарлықтай көп емес. Сот шешімі шыққаннан кейін салымшыларға ақшаларын өтеп беретін боламыз»,-деді Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры төрағасының орынбасары, Қуанышбек ӘБЖАНОВ.

Еске салайық, ұлттық банк төрағасының бұйрығымен 2-ші қазан күні  уақытша әкімшілік тағайындалды. Оған бас банк қызметкерлері мен Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры кіреді. Дельта банктің барлық басқару органдарының өкілеттігі енді уақытша әкімшілік құзырына өтті. 3-ші қазаннан бастап, клиенттердің банк шоттары бойынша жұмыс толықтай тоқтатылды.


Новости партнеров