Ұстаздардың жалақысы тағы да көбейеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мұғалімдер үшін қуанышты жаңалық. Алдағы уақытта ұстаздардың жалақысы тағы да көбейеді. Биылғы жылы кәсіби стандарт жүйесі енгізіліп, артық ауыртпалық иықтан түспек. Яғни, жалақы категория бойынша беріледі. Бұл туралы халық алдында есеп берген Білім министрі Ерлан Сағадиев хабарлады.

Отырыста Ерлан Сағадиев мырза өткен жылға көз жүгіртті. Атқарылған жұмыстарды тізбектеп, жеткен жетістіктерді жасырып қалмады. Соның бірі ұстаздар жалақысы төңірегінде болды. Айтуынша, алдағы уақытта мұғалімдердің қызметі санатқа бөлінеді. Айлықтары да соған орай көтерілмек. Бұл тұста еңбек өтілінің маңызды екенін ұмытпаған жөн. Сонымен қатар, мойынға жүктелген қосымша сағаттар қысқартылып, ретті жұмыс жасамақ.

«Барлығын бір жүйеге келтіріп,  әркімнің қажетті деңгейде еңбекақы алуын қарастырып отырмыз. Оның ішіне мұғәлім, тәрбиеші мен сынып жетекшілері бар. Осы тұста мектеп директорлары мен колледж басшылары да айлықтың өсуін сұрап отыр», - деді ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан САҒАДИЕВ.

Отырыста «Болашақтықтарды қойға» теңеген Жанболат Мелдешовтың да жағдайы тілге тиек етілді. Істің мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылған. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр екен.

«Болашақ бағдарламасына келер болсақ, біз жіберетін жоғары шетелдік оқу орындары ең үздік бестің емес, жүздіктің ішінде. Екіншіден, олар өз тарапынан әдейі сутденттерді құлатады деп ойламаймын. Сондықтан оның жүйесін жетік білген дұрыс», - деді ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан САҒАДИЕВ.

Білім саласында өзгерістер көп. 2020 жылға дейін 2600 мемлекеттік, 970 жеке балабақша ашылмақ. Техникалық мамандарды игеруде назардан тыс қалмады. Жоғары оқу орындарында 400 жуық кітап қазақ тіліне аударылады. Латын қарпіне көшу мәселесі де жүйелі түрде жүзеге асады дейді бас ұстаз. Біріңғай Ұлттық тест пен мектеп қабырғасындағы емтихан сөз болды.Төтеден қойылған сұрақтардың бірі білім ордасында заңсыз жиналатын ақша туралы болды.

«Мектеп қабырғасында арнайы ата-ана комитеті жұмыс істейді. Бұл жаңдаймен күресу үшін тек министрлік қана емес өзге де органдар, жергілікті билік өкілдері, Нұр Отан мен ата-ана біріге ат салысу қажет.  Тек сонда ғана оны түп тамырмен жоюға болады», - деді ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан САҒАДИЕВ.


Новости партнеров