Қарағанды облысына құлаған ғарыш кемесіне қатысты ЕҒА өкілі мәлімдеме білдірді

Қарағанды облысына құлаған ғарыш кемесіне қатысты ЕҒА өкілі мәлімдеме білдірді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті «Союз МС-10» ғарыш кемесінің бөлшектері құлаған, сондай-ақ, зымыран тасушы мен ғарышкерлер қонған жерді анықтады. Алайда, қоршаған ортаға зардап әкелетін жағдай анықталмаған.

Жергілікті өрт сөндірушілер, полиция, «Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығы» мемлекеттік кәсіпорнының 40 қызметшісі мен 9 техникасы апаттан кейін бөлшектер құлаған жерге барған. Мамандар өрт қаупінің жоқ екенін, жердің бетінен химиялық радиобелсенді заттардың табылмағанын және ешкім зардап шекпегінін айтады.

Төтеншеліктер тексерісі барысында әуе кемесінің бір бөлшегі Жезқазған қаласынан 40 шақырымдай жерден табылған. Аспаннан түскен затты ресейлік «Роскосмос» мамандары өздеріне алып кеткен. Ал бүгін Еуропалық ғарыш агенттігінің өкілі оқиға бойынша мәлімдеме білдірді.

«Алдағы уақытта «Роскосмос» Еуропалық ғарыш агенттігіне толықтай жүгіне алады. Мен өз тарапымнан барлық көмекті беруге дайынмын. Біз ұшу кезінде жоспар бойынша ненің іске аспағанын анықтап, олқылықтарды тауып, Халықаралық ғарыш бекетінде жұмыс жүргізіп жатқан ғарышкер Александр Герстке де көмегімізді бере аламыз», – деді Еуропалық ғарыш агенттігінің бас директоры Иоганн-Дитрих ВЕРНЕР.

Естеріңізге салсақ, Байқоңыр айлағындағы «Гагарин» ұшу алаңынан орбитаға басқарылатын көліктік «Союз МС-10» кемесінің зымыран тасығышы апатқа ұшыраған болатын. Кеме бортында МКС-57/58 миссиясымен «Роскосмос» ғарышкері Алексей Овчинин мен «NASA» ғарышкері Ник Хейг болған. Апаттан кейін экипаж Қарағанды облысына дін аман қонды. Жезқазған қаласына 25 шақырымдай жерден табылған ғарышкерлер МИ-8 тікұшағымен қалаға жеткізілді.


Новости партнеров