Головкин әлем чемпионы атағын қайтарып алуы мүмкін

Головкин әлем чемпионы атағын қайтарып алуы мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сауль "Канело" Альварес титулдық жекпе-жекте Геннадий Головкинді жеңгеніне қарамастан IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионының белбеуіне ие бола алмағанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Енді қазақстандық боксшының вакантты титул үшін қайта жекпе-жек өткізуіне болады, деп хабарлайды Vesti.kz

Бұл туралы Халықаралық бокс ұйымының (IBO) президенті Эд Ливайн мәлімдеді.

«Альварес IBO тұжырымы бойынша титулды ала алмайды. Біз онымен санкциялық келісімге келе алмадық. Вакантты титул екі үміткер арасында ойнатылады. Олардың бірі Головкин бола алады, ол бұл дивизион рейтингінде бірінші орын алады», - деді Ливайн.

Еске сала кетейік, Головкин бұл титулды 2011 жылы 9 желтоқсанда америкалық Лахуан Саймонмен жұдырықтасып, жеңіп алған болатын. Ол кезде қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді. Оған дейін IBO титулы вакантты болған.

Осыдан кейін қазақстандық боксшы IBO титулына жеті жыл иелік етті, ол оны 17 жекпе-жекте сәтті қорғаған. Бұл титулдан ол Альвареспен рематч өткізгеннен кейін айрылып қалды. Сонымен қатар, WBA және WBC титулдарынан да қол үзді.

Жекпе-жектен кейін Альварестің IBO-ға санкциялық жарнаны төлемегені анықталды. Осылайша, ұйымның титулы вакантты болып қалды.

Айта кетейік, IBO титулы негізгі тұжырымдар арасында ең беделді болып есептелмейді. Мысалы, абсолютті әлем чемпионы деген атақ үшін WBC, WBA (Super), WBO және IBF белбеулері жеткілікті.

Новости партнеров