Түркістан облысында 5 баланың анасы дүниеге үшем әкелді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Сарыағаш ауданының тұрғыны Ұлжалғас Бақтыбаева Айберік, Байсерік және Гүлсім есімді сәбилерді дүниеге әкелді. Отбасында тағы да бес бала тәрбиеленуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Үшем облыстық №1 перинаталды орталықта дүниеге келген. Перзентхана дәрігерлері 32 жастағы келіншектің толғағы мерзімінен бұрын келгенін мәлім етті. Сондықтан нәрестелердің салмағы 2,5 келідей ғана. Олар қазір тұрақты дәрігерлердің бақылауында болған. Қазір анасының да, сәбилерінің де денсаулығы бір қалыпқа келді.
Айта кетейік, Ұлжалғас Бақтыбаева балабақшада тәрбиешінің көмекшісі болып жұмыс істейді. Ол бұған дейін бес баланы өмірге әкелген.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
15.11.2026 11:50
Дәрігерлер күндіз қанша уақыт ұйықтау керек екенін айтты
15.11.2026 15:54
Күн сайын қанша жұмыртқа жеген дұрыс
14.11.2026 12:38
Алматыда көппәтерлі тұрғын үйлерді жаңарту жұмыстары жалғасуда
15.11.2026 10:46