Мектепте қандай тағамдарға тыйым салынған - Астана ҚДСД

Мектепте қандай тағамдарға тыйым салынған - Астана ҚДСД
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мектеп асханалары мен буфеттерінде қандай тағамдар мен сусындарға тыйым салынғанын Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мектеп оқушыларының ас мәзіріне пайдалы және құнарлы тағамдар кіруі тиіс. Күн сайын тамақтану рационына ет, сүт, өсімдік және сары май, қарабидай мен бидай ұнынан жасалған нан, көкөністер мен қант кіруі тиіс. Балық, жұмыртқа, ірімшік, сүзбе, құс еті екі-жеті күнде бір рет беріледі», - делінген департаменттің Фейсбуктегі парақшасында.

Мектеп асханалары мен буфеттерінде мына тамақтарға тыйым салынады: кремі бар кондитерлік өнімдер, тәттілер (шоколад, кәмпит, печенье), қаймақ және майонез араласқан салаттар, өндірістік емес тамақ өнімдері, жылдам пісіруге арналған концентраттар қосылған тағамдар, тәтті алкогольсіз сусындар, алкогольсіз энергетикалық сусындар, фастфудтар, ащы соустар, кетчуптарға рұқсат етілмейді.

Дайын тамақтың сапасын бақылауды мектептің бракераждық комиссиясы санитарлық ережелерге сай жүргізеді. Бұдан бөлек, күн сайын медициналық қызметкер немесе жауапты тұлға тамақтардың сапасына органолептикалық бағалау жүргізуі тиіс.  

Новости партнеров