|
15.11.2018 | 09:35
2479

Тоқсан бір жастағы қария әйелімен сүйісемін деп істі болды

Тоқсан бір жастағы қария әйелімен сүйісемін деп істі болды

АҚШ-тағы Коннектикут штатының 91 жастағы тұрғыны Хайнц Фонкузи қарттар үйіндегі әйеліне барып, ақыры соңында қамауға алынды. WTNH порталының жазуынша, полиция шақыруға ер адамның әйелін сүйгісі келгені себеп болыпты, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Оқиға сейсенбі күні, 13 қарашада Фэрфилд қаласындағы Regal Care қарттар үйінде болған. Полиция барғанда, ер адам әйелінің бөлмесінде болған. Мекеме қызметкері айтқандай, Фонкузиге әйелін сүюге тыйым салынған, себебі, «қарт аузымен әйелге бірдеңе беруі мүмкін».

Полицейлер бұл шақыртуға таңғалмағандарын атап өтті: Фонкузи осымен 26 рет қамауға алынып отыр.

Ер адамды полиция бөлімшесіне алып келіп, қылмыстық іс қозғады. Қарияны үйіне қоя бергенімен, сот отырысына қатысуға міндеттепті.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир