|
26.09.2018 | 10:35
3298

Мектепте қысқа белдемше киіп, әшекей тағуға тыйым салынуы мүмкін

Мектепте қысқа белдемше киіп, әшекей тағуға тыйым салынуы мүмкін

Қазақстандық оқушы қыздарға мектепте қысқа белдемше киіп, кеудесін ашып жүруге, сондай-ақ, әшекей бұйым тағуға тыйым салынуы мүмкін. Мұндай мәлімдемені ҚР Қоғамдық даму министрінің орынбасары Берік Арын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзінше, көптеген ата-аналар оқушы қыздардың ашық-шашық жүретініне қатысты наразылық білдіріп, шағым айтқан. Бұл шағымдар бүгінде Білім және ғылым министрлігіне жетіп отыр. Сондықтан министрлік аталған мәселені мықтап қолға алмақ.

«Мектепте діни киім киюге тыйым салса да, денеге жабысып тұратын қысқа белдемшеге ешкім мән бермейтініне қатысты көптеген сын-ескертпелер айтылды. Осыған байланысты біздің министрлік Білім және ғылым министрлігіне ұсыныс жолдады. Қазір олар тиісті түзетулер енгізуді жоспарлап отыр», - деп атап өтті қоғамдық даму вице-министрі Берік Арын.  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир