Ресейде бес қазақстандық қаза болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ресейде шекаралас аймақта Қазақстан азаматтары жол апатына ұшырады, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, жол апаты бейсенбі, 28 қарашада сағат 13.00 шамасында Орынбор облысындағы Елшанка ауылының маңында болған.
Орынбор – Соль-Илецк автожолының 52-ші шақырымында MAN жүк көлігі мен Volkswagen Sharan соқтығысты, жеңіл көлікте жеті Қазақстан азаматы болған.
Апат салдарынан оқиға орнында бес адам қаза болды, екеуі Соль-Илецк ауруханасына жеткізілді.
Алдын ала мәлімет бойынша, қаза болғандардың үшеуі Ақтөбе облысының, екеуі Қызылорда облысының тұрғыны, деп жазды sputniknews.kz.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33