|
09.11.2018 | 09:40
1775

Қаруланған ер адам түнгі клубқа шабуыл жасап, 12 адамды өлтірді (ВИДЕО)

Қаруланған ер адам түнгі клубқа шабуыл жасап, 12 адамды өлтірді (ВИДЕО)

Атқыштың көзі жойылды, оның кім екені анықталып жатыр

Лос-Анджелеске жақын жердегі Саузанд-Оакс қаласында 7 қарашада болған атыс салдарынан 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан  РИА Новости-ге сілтеме жасап. 

Агенттіктің мәліметі бойынша, 12 адам әртүрлі деңгейде жарақат алған, атқыштың көзі жойылды. Бұл туралы жергілікті полиция шерифі Джефф Дин баспасөз мәслихатында хабарлаған.

Қаза тапқандар арасында, шериф атап өткендей, жергілікті сержант Рон Хелус бар, ол атыс кезінде оққа ұшыпты.

Шериф Диннің сөзіне сүйенсек, оқиға орнынан бір тапанша табылды. Күдікті өз-өзін атып өлтірді ме, әлде оған біреу оқ атты ма – әлі белгісіз.

Айта кетсек, қаруланған ер адам Borderline Bar and Grill түнгі барына келіп, жиналған жұртқа 30 шақты оқ жаудырған. Оқиға кезінде барда жүзге жуық адам болды, дені студенттер.

Полиция атқыштың кім екенін анықтап жатыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир