|
21.12.2018 | 09:46
2586

Екібастұзда әйелді бауыздап, мәйітті кілемге ораған деген күдікпен 2 ер адам ұсталды

Екібастұзда әйелді бауыздап, мәйітті кілемге ораған деген күдікпен 2 ер адам ұсталды

Ішімдікке сылқия тойып алған екі жігіт әйелді бауыздап, кейін мәйітті жасырмақ болған

Павлодар облысында 40 жастағы әйелді бауыздап, кейін мәйітті жасырмақ болған екі адам құрықталды. Ішімдіктен ұрттап алған олар қайғылы оқиғаға дейін бірге көңіл көтергенге ұқсайды, деп жазды Sputnik.

Бұл жағдай Екібастұздағы пәтерлердің бірінде болған. Оқиғаның жай-жапсары әзірге белгісіз. Бір анығы, әйелді пышақтап өлтірген екеу оның денесін кілемге орап, қас қарайғанда сыртқа алып шыққан.

Мәйітті қоқысқа тастап, іздерін суытпақ болғанда оларды осы маңда өтіп бара жатқан жергілікті күзет агенттігінің қызметкерлері аңғарып қалған. Сөйтіп, оқиға орнына полицейлер жетіп, 21 және 28 жастағы қос жігітті құрықтаған. «Адам өлтіру» бабы бойынша айыпталған олар қазір уақытша қамау қапасында тергеліп жатыр.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир