Ауыл тұрғыны өзіне сұрақ қойған әйелін пышақтап тастады

Ауыл тұрғыны өзіне сұрақ қойған әйелін пышақтап тастады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр.

Әзербайжанда 29 жастағы ер адам қойлардың қайда кеткенін сұраған әйелін пышақтап өлтірді, деп жазады Sputnik.

Қайғылы оқиға Евлахский ауданының Нематабад ауылында болған. 1989 жылғы Садай Садыгов 30 жастағы әйелі, екі баланың анасы Вафа Садыгованы аяусыз өлтірді, деп хабарлайды 1news.az.

Аудандық полиция бөлімінен мәлімдегендей, Садыгов өзі жұмыс істеген шаруа қожалығына тиесілі бірнеше қойды сатып жіберген. Бірнеше күннен кейін әйелі малдың жоқ екенін байқап, күйеуінен мән-жайды сұрап, білмек болады. Алайда, ер адам бұл сұраққа қатты ашуланып, әйелін ұрып жіберген. Кейін ерлі-зайыпты арасында жанжал туып, ақыры әйел балаларын алып, төркініне кетеді.

Бірнеше күннен кейін Садыгов әйелінің әкесінің үйіне келіп, анасының көз алдында оны пышақтап тастаған.

«Ол қолындағы пышағымен баса-көктеп кіріп келгенде, қызым екеуміз үйде отырған едік. Мен оған кедергі келтіріп, қызымды қорғамақ болдым, алайда, ол бәрібір мені емес, қызымды өлтірді», — дейді марқұмның анасы.

В.Садыгова қансыраған күйі далаға жүгіріп шығып, көрші үйдегі ағасынан көмек сұрамақшы болған. Алайда, есінен танып құлап, көз жұмды.

Полиция С.Садыговты ізін суытпай ұстаған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.


Новости партнеров