Қала әкімі алматылық жастарға пәтерлердің кілтін табыстады

Қала әкімі алматылық жастарға пәтерлердің кілтін табыстады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мереке қарсаңында «Алматы жастары» атты қанатқақты бағдарлама бойынша қаланың жас тұрғындары үйлі болды.  Олардың қуанышына қала әкімі Бауыржан Байбек ортақтасып, кілттерді салтанатты түрде өзі табыстады. Есте болса, аталған жобаға қала әкімдігі жергілікті бюджеттен 1 млрд. теңге бөлген болатын. Үміткерлерді іріктеу барынша ашық әрі әділ өткен. Өйткені, қатысушылар өтінішті арнайы ашылған электронды порталға жолдаған. Оның үстіне, құжаттардың барлығы электронды үкімет сайтында автоматты түрде сұрыпталған.

Бірнеше жылдан бері жалдамалы пәтердің тауқыметін көріп келген алматылық жас отбасында үлкен қуаныш. Өйткені, Бәдеровтар жанұясы үйлі болды. Олар үш қыздың аузынан жырып, 3 жыл ішінде «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» 6 млн теңгедей қаржы жиған. Армандары «Алматы жастары» бағдарламасы арқасында оңай жүзеге асқан. Отағасы Санжар Асфендияров атындағы медициналық университетте ассистент болып жұмыс істейді. Ал, отанасы балалар күтімімен үйде. ¤

«Екі бөлмелі пәтерге 45 квадрат метр 120 мың теңге төлеп тұрдық. 100 мың кварплата, сосын коммуналкасы 20 мың шықты. Енді өз үйіміз болғандықтан мына жерде 83 мың «Жилстрой» арқылы алып тұрған соң. Жұмыс істей алмадым. Балалар кішкентай болды. Оның үстіне ақша жинағаннан бөлек, квартираны төлеуіміз керек. Олардың садигі, сабағы болды. Енді бар тапқанымызды аянбай жинадық. Барлығынан үнемдедік»,-деді Шалқар ҚҰРБАНОВА.¤

Қала әкімінің қолынан алғашқы 22 жас отбасы пәтер кілтін алды. Олардың қатарында түрлі сала мамандары бар. Жалпы, жыл аяғына дейін 100-і жаңа пәтерге қоныстанатын болады. Бағдарлама нәтижелілігін көрсетсе жалғасуы да мүмкін. Айта кетейік, 2017-шы жыл Алматыда "Жастар жылы" деп жарияланды. Қалалық әкімдік оларды қолдауды жалғастыра бермек. ¤

«Бағдарламаның негізгі мақсаты - жастарымыз ақшам аз жинамаймын деп жұмсай бергенше соны кішкене ақырындап болса да, жинап-жинап сол пәтерге қол жеткізуге біз жағдай жасаймыз. Ал, «Алматы жастары» өте жақсы бағдарлама. Ең бастысы біз айттық ашық түрде, интернет арқылы балл жүйесін жасап, мына «Жилстройсбербанк» біздің операторымыз. Бірге жұмыс істесіп, осындай Қазақстан бойынша тұңғыш рет осындай құралды біз ұсындық. Қала тарапынан 1 млрд теңге бөлдік. Ол аз ақша емес»,-деді Алматы қаласының әкімі, Бауыржан БАЙБЕК.¤

Құжаттарды қоғам мен жастар өкілдерінен құралған комиссия қарады. Бұл оның әділ өткендігінің айғағы. Сарапшылар үйлерді баллдық жүйе бойынша үлестірген. Мысалы, тұңғыш бала үшін 10, кейінгі әр бала үшін 15 балл, отбасылық өмірдің әр жылына 2 баллдан, мүмкіндігі шектеулі жандарға қосымша 10 баллдан берілді. Жалпы, бағдарлама мәресіне 72-ден 162 дейін балл жинағандар жетті.¤

«Бұл бағдарламаның бірден бір ерекшелігі, белгілі бір мемлекеттік қызметте емес немесе бюджеттік салада жұмыс істейтін емес Алматы қаласында еркін. Барлық салада жұмыс істейтін яғни, ол жекеменшік болсын, кәсіпкер болсын. Басқа да салаларды қамтитын жастар қатыса алады. Одан бөлек бұл жерде ең төменгі жарна былай айтқан кезде 5 пайыздық жылына»,-деді Алматы қаласы жастар саясаты  мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы, Шыңғыс БЕСКЕМПІРОВ.¤

Қаперде болса, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған 6 мың пәтер кезекте тұрғандарға таратылды. Жыл қорытындысы бойынша Алматыда кезекте тұрған әрбір төртінші отбасы үйлі болады. Сондай-ақ, биыл 2000 адамға шақталған 4 жатақхана қолданысқа беріледі. Келесі жылы тағы екеуінің құрылысы басталмақ.  Жалпы, 2020-шы жылға дейін 7 мың орынды 12-сі бой көтеруі тиіс.

Жадыра Омаржан, Рашиддин Якупов, «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров