«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы - Диас Тастанбеков

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы - Диас Тастанбеков
Жаңалықтармен бөлісіңіз
«Болашақ» бағдарламасы бойынша  магистратураны аяқтаған соң бір жылдан кейін Диас Назарбаев Университет – Nazarbayev University Research and Innovation System (NURIS) зерттеу орталығына кіші ғылыми қызметкер болып орналасты, бұнда күн қуатымен жүретін батареяға арналған полимердің медициналық табиғи жолмен ыдырайтын және жартылай өткізгіш деген екі түрімен айналысты.

4 жылдан соң ол NURIS-ден кетіп бір жылдан соң ҚБТУ-де  «Альтернативтік полимер материалдары» жекеменшік зертханасының меңгерушісі болады,  ҚБТУ мен ҚазҰТУ (Политех) біріктірілгеннен кейін зертхана жаңадан құрылған университет – ҚазҰЗТУ-ге көшеді, ол осы жерде бүгінге дейін жұмыс істейді.

Кіші ғылыми қызметкер болып істеген кезінде Диас өз жобаларымен айналыса бастайды: "сөйлейтін қоқыс жәшігі" (жоба Армана Сулейменовтің І Startup School-да 1-орын алды), бейне-ашық хаттар, тапсырыс бойынша 3D-басып шығару, аэропоника (өсімдіктерді топырақсыз автоматтандырылған өсіру). Соңғы жобасымен Диас Startup Bolashak-ге (1-маусым) қатысып, жеңіледі.

Бірақ 2016 жылы қайта (2-маусым) қатысып, 2-орын алады: жобаны жүзеге асыруға жеке инвесторлардан грант және инвестициялар алады. Қазір жоба Алматыда және Қарағандыда жүзеге асырылуда. Бүгінде Диас өзінің докторлық жұмысына арнауды жоспарлап отырған ең ірі жобасы–остеосинтез үшін табиғи ыдырағыш импланттарға тапсырыс дайындауда.


Новости партнеров