АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатында орналасқан шіркеулердің біріндегі видеобақылау камерасына қызметкердің үш жасар баланы азғырып жатқан сәті түсіп қалған, деп жазады tengrinews.kz Lenta.ru New York Post газетіне сілтеме жасап.
Газеттің мәліметінше, 28 жастағы Роберт Ли Хазлет ерікті болып жұмыс істеген және ол 3-5 жасар балалармен жұмыс істеген.
Жарияланған видеодан ер адамның тәрбиеленушілердің бірін дәретханаға кіргізіп, онымен жыныстық қатынасқа түскені көрінеді.
Камера дәретхананың сыртында тұрған, алайда шіркеу өкілінің айтуынша, дәретхана есігі ашық қалып қалған.
Шіркеудегілер бұл жағдайды жоққа шығармады, керісінше, барлығына ескерту түрінде хаттар жолдаған. Онда шіркеу әкімшлігінің балалардың қауіпсіздігі үшін барлығын жасайтыны айтылады.
Осылайша, шіркеу қызметкері бірінші деңгейлі (кәмелетке толмаған баламен жыныстық қатынасқа түсу) қылмыс жасады деп айыпталды. Ол енді 25 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.