|
20.11.2018 | 10:22
1604

Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: кісіні құтқару үшін көлікті кесуге тура келді

Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: кісіні құтқару үшін көлікті кесуге тура келді

Алматыда әл-Фараби даңғылы бойында Сейфуллин көшесіне жетпей жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, Toyota Camry 55 көлігі әл-Фараби даңғылы бойымен шығыс бағытта қатты жылдамдықпен келе жатады. Марков көшесінен өте бере неге екені белгісіз, жүргізуші рөлге ие бола алмай, бір жаққа ығысып, бордюрге шығып, жарнама билбордын бір-ақ құлатқан, содан соң көлік жолдан шығып, үш шыршаны таптап кеткен.

Артынша көлік аударылып, тас-талқаны шыққан. Жол апаты орнына куәгерлер жеткенде көлік бір бүйіріне аударылып жатқан. Олар көлікті төрт тағандатып қоюға көмектескен.

Құтқару қызметі шақырылып, олар жүргізушіні шығарып алу үшін, көліктің есігін кесіп алған.

Ер адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнында жол полициясы қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Олар жол апатының мән-жайын анықтайды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир