Түркия азаматтары Қырғызстаннан Қазақстанға жалған құжаттармен өтпек болған

Түркия азаматтары Қырғызстаннан Қазақстанға жалған құжаттармен өтпек болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Ақжол - автодорожный» өткізу бекетінде шекара жасағы жалған төлқұжатпен Қырғызстаннан Қазақстанға өтпек болған үш Түркия азаматын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Кабар» агенттігіне сілтеме жасап.

Қырғызстан Мемлекеттік шекара қызметі БАҚ және қоғаммен байланыс бөлімі хабарлағандай, Түркия азаматтары төлқұжаттық бақылаудан өту кезінде шекарашыларға Түркия Республикасының арнайы қызметтік төлқұжаттарын көрсеткен.

Алайда, шекара жасағы ұсынылған құжаттардың бір бөлігінің қолдан жасалғанын анықтаған. Жіті тексеру кезінде Түркия азаматтарының Қырғызстанға шынайы құжаттармен келгені анықталды.

Бірақ, олар елден жасанды төлқұжаттарды заңдастыру мақсатында басқа құжаттармен шықпақшы болған. Ұсталушылар Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік қызметі аймақтық бөлімшелерінің қызметкерлеріне тапсырылды.


Новости партнеров