Данэлия «Балалар Евровидениесінде» шырқайтын әніне бейнебаян түсірді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстанның жас дарынды әншісі Данэлия Төлешова «Өзіңе сен» әніне бейнебаян шығарды, бұл әннің ағылшынша нұсқасын «Балалар Евровидениесі» байқауында орындамақ, деп хабарлайды Sputniknews.kz.
Әннің қазақ тіліндегі мәтінін әншінің өзімен бірлесе отырып жазған –ақын Камила Даирова, ал ағылшын тіліндегі нұсқасын – украин Артем Кузьменков. Ән ағылшынша Seize the Time деп аталады.
Бейнебаян Шарын шатқалында түсіріліпті.
Естеріңізге сала кетсек, қыркүйектің соңында Данэлия Төлешова осы әнді шырқап, республикалық іріктеу байқауының финалына өткен болатын.
«Балалар Евровидениесі» 25 қарашада Минск қаласында болады.
Бұрын Данэлия Төлешова Украинадағы «Голос. Дети» байқауының жеңімпазы атанды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41