|
16.11.2018 | 10:39
4043

Елімізде ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты

Елімізде ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты

2018 жылғы 9 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстанда тұмау жағдайлары тіркелмеген, тұмау емес респираторлы вирустардың (парагрипп, риновирус, аденовирус және басқалар) айналымда болуы байқалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Эпидемиологиялық маусымның басталғалы бері (2018 жылғы 1 қазаннан бастап) ЖРВИ-ға қатысты 58 мыңнан астам жағдай тіркелген. Сырқаттану деңгейі өткен жылдың деңгейінен 28 % төмен.

ЖРВИ-мен ауырған адамдардың негізгі бөлігі 14 жасқа дейінгі балалар (66 %).

Вакцинация науқаны басталғаннан бастап тұмауға қарсы жалпы халықтың 10,6 %-ы егілді, оның ішінде 30 % - 14 жасқа дейінгі балалар, 70 % - ересектер.

Вакцинациядан кейінгі асқыну тіркелмеген. Тұмау және ЖРВИ профилактикасы ағзаның өзіндік қорғаныш күшін нығайтуға бағытталған және вакцинациямен қатар жүргізіледі.

Спецификалық емес қорғаныш ретінде иммунитетті жақсарту препараттары (анаферон, интерферон, виферон, интерферон индукторы), вирусқа қарсы жақпамайлар (оксалин, антивир және т.б.), поливитаминдер қолданылады.

Сондай-ақ, ЖРВИ-мен ауыратын адамдармен қарым-қатынаста болмау, науқас адамдармен қарым-қатынаста болған кезде бетперде кию, қолды сабынмен немесе антибактериальдық заттармен (құрамында спирт ерітіндісі бар) жуу, жөтелгенде және түшкіргенде бір рет пайдаланылатын орамал немесе сулықтарды пайдаланып, мұрын және ауызды жабу, көзді, мұрын және ауызды лас қолмен ұстамау, адамдар көп жиналатын орындарға баруды шектеу (ойын-сауық және спорт іс-шаралары, жиналыстар, кездесулер  және т.б.), үй-жайды тұрақты желдету, салауатты өмір салтын ұстану (жақсы  ұйқы, таза ауа, белсенді демалыс, дәрумендерге бай құнарлы тамақ) қажет.

Тамақты салқын сумен шаюдан бастап контрасты себезгі және бассейнге бару арқылы ағзаны шынықтыру қажет.

Науқас адам үйде болған жағдайда оны оқшаулап, науқас және сау адамдар да бетпердені пайдалануы қажет. Қоғамдық көлікте, дәрігерге кезекте тұрғанда инфекцияның таралуын болдырмау үшін дәрігерді үйге шақыртқан жөн.  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир