Өткен жұмада әлеуметтік желілерде Оралда «зеленка» қосылған торт сатылғаны жайлы видео таралды.
Ролик авторларының айтуынша, 7 желтоқсан күні ұлының туған күніне «Көгалдағы доп» тортына тапсырыс берген. Олар оны жеп болғаннан кейін, саусақтары ашық жасыл түске боялғанын көреді. Жуса да кетпеген, деп жазды «Уральская неделя».
Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің департамент қызметкерлері видеоны көріп, автордан хабарласуды сұрады. Айтуларынша, тұтынушыдан арыз түспеген жағдайда аталған кәсіпкердің кондитерлік өнімдеріне тексеріс жүргізу қиындық тудырады екен.
Тортты сатып алушылар «жасыл» тортқа қатысты өз талаптарын қою үшін дүкенге барған.
«Иә, 7 желтоқсан күні әйел ұлының туған күніне торт тапсырыс берді. Тапсырыс екі сағат ішінде дайындалды. Торт табиғи өнімдерден пісірілді. Азық-түлік бояғыштарын пайдаланамыз. Клиенттер ешқашан шағым түсірмеген», — деді сатушы Любовь Щанкина.
Сауда қызметкері тортты қайтарып әкеліп беруді сұрағанын айтады.
«Мен оларға мәселені шешіп, ақшасын қайтарып беретінімізді айттым. Бірақ ол әйел ашуланып кетті. Торт балконда жатыр деді. Торттың видеосын әлеуметтік желілерге саламын деп қорқытты, олар тортты әкелуден бас тартты», — дейді сатушы.
Дерек көзі: sputniknews.kz