Астанадағы жерүсті метросының бағасы 1000 теңгеден асуы мүмкін

Астанадағы жерүсті метросының бағасы 1000 теңгеден асуы мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астана қаласының жеңіл рельсті көлігінің жобасы автобустағы жолаушылардың санын азайтуға көмектеседі. Алайда, мұндай жағдай тек жерүсті метросында жол құны басқа қоғамдық көліктердің бағасына жақын болған кезде ғана орын алады, деп хабарлайды Stan.kz.

Жерүсті метросын Астана қаласында келер жылдың соңында іске қосу жоспарлануда. Алдын ала есеп бойынша жеңіл рельсті көлік қызметімен 150 мыңнан астам жолаушылар қолданады.

Аталған көлік түрі іске қосылғаннан кейін басқа қоғамдық көліктеріне келетін жолаушылар жүктемесі азаяды. Алайда, бұл болжаммен кейбір экономистер келіспей отыр.

Олардың ойынша, жобаның құны 1 миллиард 600 миллион болған жағдайда, жолақысы 1100 теңгені құрайды. Бұл баға астаналықтардың көпшілігіне қолжетімсіз. «Тіпті аталған құнның жартысын төлеуге дайын емес», - дейді сарапшылар.

«Қазір бәрі үнемдеуге мәжбүр, оның ішінде көлік те бар. Көлікке қатысты кез келген бағаны көтеру наразылыққа әкеп соғады. Сондықтан халыққа арзан, қолжетімді көлік керек. Ал бұл көлік автобус бағасына сай болмайды», – дейді экономист Рүстем Жансеитов.

Сарапшылардың ойынша, бұл жоба сұранысқа аса ие болмайды, сондықтан жоба құнының ақталуы екіталай. Алайда, астаналық әкімдік дайындаған нақты есеп-қисапты көрмегендіктен, алдын ала айту қиын дейді олар. Ал шенеуніктер әзірге бұл мәселеге қатысты тіс жармай отыр.

Новости партнеров