14-20 қаңтар аралығына арналған ауа райы болжамы

14-20 қаңтар аралығына арналған ауа райы болжамы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алдағы апта алматылықтар үшін тауға шығып, серігіп қайтуға өте қолайлы болмақ. Себебі ауа температурасы +2 градус жылы болады.

Дүйсенбі, 14 қаңтарда күн бұлтты болады. Термометр бағаны күндіз 0, түнде – 5 градусты көрсетеді.

Сейсенбі, 15 қаңтарда ауа температурасы күндіз +2, түнде – 2 градусты көрсетеді.

Сәрсенбі, 16 қаңтарда жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз термометр бағаны +1, түнде – 4 градус болады.

Бейсенбі, 17 қаңтарда ауа температурасы күндіз + 1, түнде – 6 градусты көрсетеді. Көшпелі бұлт шығады.

Жұма, 18 қаңтарда күн жылы болады. Термометр бағаны күндіз + 2, түнде – 5 градус көрсетеді.

Сенбі, 19 қаңтарда жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы күндіз +1, түнде - 4 градус болады.

Жексенбі, 20 қаңтарда қар жауады. Термометр бағаны күндіз – 2, түнде – 7 градусты көрсетеді.

Ауа райы болжамы intellicast.com сайтынан алынған.


Новости партнеров