Алматы облысында қару мен ірі көлемде ақша ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

Алматы облысында қару мен ірі көлемде ақша ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырып, қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтады, деп хабарлайды zakon.kz.


«Оқиға 29 қазан күні Талғар ауданында орын алды. Үй иелерінің жоқтығын пайдаланған қылмыскерлер пластикалық терезені керіп ашып, арнайы сейфте сақтаулы қару-жарақтар мен оқ-дәрілерін, ірі көлемдегі қаржыны жымқырған»,- делінген Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз баянында.


Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырып, қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтады. Талғар ауданы полициясының жеке құрамын жұмылдырып, қылмыс жасаған топ мүшелері ұсталды. Қолға түскен 28-35 жастағы Алматы қаласының 3 тұрғыны да бұған дейін қылмыстық әрекеті үшін жауапкершілікке тартылған болып шықты.

«Полицияға дер кезінде хабар берілгенінің арқасында қылмыскерлер із суытпай қолға түсті. Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 188-бабының 3-тармақшасына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта қылмыскерлерден жауап алынды. Сондай-ақ, олардың басқа да қылмыстарға қатысы анықталу үстінде. Күдіктілер Талғар ауданы полициясының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды», -  деп атап өтті облыстық полиция өкілдері.

Айта кетейік, облыстық полицияның ақпаратына сәйкес, қазіргі таңда өңірдегі қару-жарақ иелеріне қойылатын талаптар тәртіп сақшыларының тарапынан қатаң бақылауға алынған.

Жыл басынан бері полицейлер заңсыз айналымнан 90 жуық қару тәркілеген. Олардық ішінде аңшы мылтықтары, шолақ мылтықтар, газ және травматикалық қарулар бар. Осындай жағдайлар орын алмауы үшін қару иелерін еліміздің заңнамасын қатаң сақтау қажет екенін ескертеді.


Новости партнеров