|
25.12.2018 | 10:48
1872

Қарағандының қоғамдық көліктері электрондық билеттеу жүйесіне ауысады

Қарағандының қоғамдық көліктері электрондық билеттеу жүйесіне ауысады

Алғашқы валидаторлар №118 маршруттағы автобустарға орнатылды.

Қарағандыда алғашқы валидаторлар №118 маршруттағы автобустарға орнатылды. Электрондық билеттеу жүйесі қазіргі таңда тестілік режимде жұмыс істеп жатыр. 2019 жылғы қаңтардан бастап оны барлық жолаушы тасымалдау қоғамдық көліктерінде орнату жоспарланып отыр, деп хабарлады bnews.kz Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі сілтеме жасап.

Қала әкімдігінің жолаушы тасымалдау көлігі секторының меңгерушісі Ескендір Қабидолла 2019 жылдың қаңтарында терминалдарды барлық маршруттарға орнату басталатынын атап өтті.

«Қазір №118 маршруттағы автобустарда бір-бір терминалдан орнатты, және жүргізушіге планшет берілді. Тағы шамамен, 200 терминал кедендік рәсімдеуден өтіп жатыр, себебі, оларды Кореядан жеткізеді. 2019 жылдың қаңтарында терминалдарды барлық маршруттарға орнату басталады. Ол жұмыстар үш ай уақытты қажет етеді», - деді Ескендір Қабидолла.

Оның айтуынша, электрондық төлем карталарын әзірге қалалық әкімдік қызметкерлеріне берілген, ал оларды жаппай сату келесі жылдан басталады.

«Электронды карталары барлық жерлерде сатылатын болады: дүңгіршектер мен дүкендерде. Оларды толтыруға қатысты еш қиындықтар болмайды», - деп сендірді Ескендір Қабидолла.

Қарағандыда жолаушы тасымалдау маршруттарында 600-ге жуық автобус қызмет етеді. Электронды билеттеу жүйесі қаламызда жеке инвестордың есебінен енгізіліп жатыр.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир