ШҚО-да аяз 34 градусқа дейін жетті: мектептерде сабақ тоқтатылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстанның шығысына күшті аяз келді, салдарынан мектептерде сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды Sputniknews.kz.
Білім басқармасының мәліметінше, ауа-райының қолайсыздығына байланысты облыстың бірнеше ауданында оқушыларға сабақ болмайды.
• Зырян ауданы (-34 градус) – 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылады.
• Риддер (-24) – бірінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды.
• Аягөз ауданы (-31) – бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылады.
• Көкпекті ауданы (-27) – бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ өткізілмейді.
• Үржар ауданы (-33) — 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30