Алматыда жол апатынан бір адам қайтыс болып, кінәлі жүргізуші қашып кетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда жол көлік оқиғасы салдарынан бір адам қайтыс болды, деп жазады Sputniknews.kz. Оқиға Рысқұлов-Кудерин көшелерінің қиылысында болған.
Куәгерлердің айтуынша, зардап шеккен Volkswagen Golf 3 көлігі Рысқұлов көшесімен шығыс бағытында жүріп бара жатқан. Сол сәтте жолдың дәл осы бағытымен аса жоғары жылдамдықпен келе жатқан BMW X5 автокөлігі оны артынан соғыпты. Соның салдарынан, Volkswagen бордюрге, кейін бетон қабырғаға барып соқтығысқан. Оның 1978 жылғы жүргізушісі жедел жәрдем келем дегенше қайтыс болып кетті.
Ал BMW X5 автокөлігінің жүргізушісі болса оқиға орнын тастап қашып кеткен. Қазір полиция оны ұстау шараларын жүргізіп жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
11.11.2026 13:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
12.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
11.11.2026 18:53
Алматыда екі күнде айлық жауын-шашын мөлшерінің 76 пайызы жауды
11.11.2026 21:48