Қостанайда ауыз су беру бір тәулікке тоқтатылады

Қостанайда ауыз су беру бір тәулікке тоқтатылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қостанайда суды тазалау жұмыстарына байланысты тәулік бойы салқын су болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қостанай Су» мекемесінің басшысы Еркебұлан Файзуллаевқа сілтеме жасап.

Қостанай қаласы бойынша су беру жұмыстары 25 қыркүйек, сағат 03:00-ден бастап, тәулік бойына тоқтатылады. 

«Біздің қызметкерлер жыл сайын суды гиперхлорлаудан өткізеді. Өкінішке қалай, қаладағы су құбырларының 78% ескірген. Суды тазартпас бұрын құбыр желілерін тазартып алу қажет. Гиперхлорлаудан кейін судың сапасы жақсарады. Осыған орай, қала тұрғындарынан алдын ала жеткілікті мөлшерде су толтырып алуын сұраймыз. Ауыз суды әуелі тұндырып, кейін қайнатып ішуге кеңес береміз», - деді Е. Файзулаев агенттік тілшісіне. 

Жалпы, тазалау жұмыстары 28 қыркүйекке дейін жалғасады. Салқын су беру тоқтатылатын күні Қостанай мектептерінде сабақтар 30 минуттан оқытылады.



Новости партнеров