|
25.10.2018 | 10:57
1660

Астанада біржақты қозғалысы бар жол учаскелері пайда болады

Астанада біржақты қозғалысы бар жол учаскелері пайда болады

Алдағы апталарда Астана қаласында бірнеше көшеде біржақты көлік қозғалысы енгізу көзделіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Astana LRT-ға сілтеме жасап.

«Біржақты қозғалысты Бұқарбай батыр көшесінің бойында Жеңіс даңғылынан Ә.Мәмбетов көшесіне дейін, Желтоқсан көшесінің бойында Кенесары көшесінен Ирченко көшесіне дейін, Ирченко көшесі бойында Желтоқсан көшесінен Бұқарбай батыр көшесіне дейінгі учаскелерде енгізу жоспарланған», - делінген компанияның Фейсбуктегі парақшасында.

Аталған өзгерістер - жол қозғалысын оңтайландыру бойынша жұмыстың бір бөлігі, көше-жол желісінің жүктемесін азайту мақсатында енгізіліп отыр.

Мәселені талқылау үшін ниет білдіргендердің барлығы сенбі, 27 қазан күні сағат 10:00-де №1 мектеп-лицейінде өтетін қоғамдық тыңдауларға шақырылады.  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир