«Астана» велошабандозы жол апатына ұшырады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
«Астана» велошабандозы Омар Фраиле жол апатына түсті, деп хабарлайды sputniknews.kz.
Омар Фраиле мен оның құрбысы жексенбі күні Испанияда жол апатына ұшырапты. Олардың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, бірақ екеуі де жарақат алған. Фраиленің қабырғасы шытынаған. Ал қыздың қабырғасы сынып, омыртқасына зақым келгендіктен, ота жасалуы тиіс.
Омар Фраиле — 28 жастағы испан кәсіби шоссе велошабандозы, қазір Astana Pro Team командасы құрамында. Ол ірі веложарыстарға қатысып, «Джиро д «Италия» кезеңдерінің бірінде, сондай-ақ «Тур де Франс» және басқа кезеңдерде жеңімпаз атанған.
Велокоманданың ресми порталында хабарланғандай, «Омар – көпкүндік жарыстарға қатысуға әлеуеті жоғары шабандоз».
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33