|
07.11.2018 | 11:35
1472

Қазақстандықтарға екі ай бойы Таиландқа виза тегін беріледі

Қазақстандықтарға екі ай бойы Таиландқа виза тегін беріледі

Таиланд билігіндегілер туристерді тарту мақсатында виза үшін төлемді алып тастады. Бұл 21 мемлекеттің турисіне қатысты, олардың ішінде Қазақстан да бар, деп хабарлайды Tengrinews.kz Bangkok Post басылымына сілтеме жасап.

Осыған дейін туристер әуежайда 2 000 бат төлесе, енді олар бұл төлемнен босатылады. Сондай-ақ, турист 15 күнге келген болса немесе дәл туристік маусымда 1 желтоқсан мен 31 қаңтар аралығында келсе, виза үшін төлемейді екен.

Басылымның мәліметінше, Таиланд билігіндегілер Украина, Румыния, Қазақстан және Қытай туристерін қызықтырмақшы. Осылайша, туристердің саны кем дегенде 30 пайызға көбейетіні айтылады.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жыл басынан бері Таиландқа 28 миллион шетелдік турист келген.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

тегін
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир