Түркістан облысында қарулы топ жолаушылар автобусына оқ жаудырды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Шымкенттің құқық қорғаушылары Алматы – Ташкент жолында жолаушылар автобусына оқ жаудырған Түркістан облысының бірнеше тұрғынын ұстады, деп хабарлайды sputniknews.kz.
Шымкенттің Полиция департаменті мәлімдегендей, төтенше жағдай 5 қарашада болған.
Түркістан облысының бірнеше тұрғыны көлік ішінен травматикалық тапаншамен жолаушылар автобусына оқ жаудырыпты. Көлік пен автобус бір бағытта кетіп бара жатқан екен.
Күдіктілер көп ұзамай ұсталды. Қазір Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.
Полиция ұсталғандардың қаруды қайдан алғанын анықтауы тиіс. Айта кетерлігі, травматикалық тапанша азаматтық қолданыстан бірнеше жыл бұрын алынып тасталған, күзет қызметкерлері ғана алып жүруге құқылы.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
04.11.2026 08:20
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
04.11.2026 18:53