Қостанайда жоғалған 16 жастағы қыз табылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Полиция із-түзсіз жоғалған екі тұрғынды іздеп тапты: бірі танысының үйінде болса, екіншісі Астанада жұмыс істеген.

Полиция қызметкерлері із-түзсіз жоғалған екі қостанайлықтың қайда екенін анықтады. Бұл туралы Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

23 қараша күні таңертең полиция екі күн бұрын белгісіз бағытта үйінен шығып кеткен 16 жастағы Екатерина Терентьеваны іздеп тапты. Қыз таныстарының үйінде болған, деп хабарлайды alau.kz. 

Сондай-ақ, тағы бір жоғалған адамның қайда екені анықталды. Арқалық қаласының 25 жастағы тумасы Артур Насыров осы жылдың қыркүйек айының соңында үйінен облыс орталығына шығып кеткен. Ол бүгін таңертең Астанадан Қостанайға пойызбен келген. Өзінің айтуынша осы уақыт ішінде елордада қара жұмысшы болып еңбек еткен.

Новости партнеров