|
15.11.2018 | 11:14
2722

Теміртауда екі жасар сәбиді тұншықтырған балабақша тәрбиешісіне үкім шықты

Теміртауда екі жасар сәбиді тұншықтырған балабақша тәрбиешісіне үкім шықты

Қарағандыда балаға зорлық-зомбылық көрсетіп, ұйықтатпақ болған балабақша тәрбиешісі, 50 жастағы Үміт Пірмехонованың соты аяқталды. Оған бейсенбі күні үкім шықты, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Биыл тамыз айында балабақша тәрбиешісінің айғайлап, дауысы қарлығып қалған сәбидің бетін көрпемен жауып, бар күшімен басып отырғаны түсірілген жантүршігерлік видео жарияланған еді.

Белгілі болғандай, оқиға Теміртаудағы балабақшалардың бірінде болыпты. Әйелдің өзінің түсіндіруінше, екі жасар қызды осылай тыныштандырып, ұйықтатпақ болған екен. Бұл видео сотта көрсетілді.

Қыздың анасы Анна Баркалаяның сөзіне сүйенсек, бала әлі күнге дейін түнде дұрыс ұйықтай алмай, айғайлайтын көрінеді. Қазір екінші сәбиіне аяғы ауыр әйел отбасының моральдық шығынын 2 миллион теңгеге бағалады.

Балабақша тәрбиешісі сотта кінәсін мойындап, «қалай болғанын өзім де білмей қалдым» деп кешірім сұрады. Ал балабақша басшысы бір де бір рет сот отырысына қатыспаған.

Сот әйелді айыпты деп танып, 120 сағат қоғамдық жұмыс істеу жазасына кесті, сонымен бірге кәмелеттік жасқа толмаған балалармен жұмыс істеуіне үш жылға тыйым салынған. Ал жәбірленуші тарап сұрап отырған моральдық шығын көлемі он есе қысқартылды. Бұған наразы ана қызының басынан кешкен сұмдық жайт бүкіл өміріне жағымсыз әсер ете ме деп қорқады.

Психологтар баланың психикасына зақым келгенін растады. Балабақшаға баратын балалардың ата-аналары да олардың мінез-құлқынан өзгеріс байқапты.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир