Елорда тұрғыны жол тәртібін бұзған шымкенттік сәби үшін айыппұл төлемек

Елорда тұрғыны жол тәртібін бұзған шымкенттік сәби үшін айыппұл төлемек
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астана тұрғыны өшіп тұрған көлік фарлары үшін 7215 теңге көлеміндегі айыппұл төлейтін болған. Алайда, ол қарыз  жүргізушілердің тізімін көріп, таңырқап қалған. Құжат бойынша, жол тәртібін Шымкент қаласында 2018 жылдың 1 қаңтарында дүниеге келген сәби бұзған екен, деп хабарлайды NUR.KZ.

Азамат бұл ақпаратмен Yvision.kz порталында бөліскен. Оның сөзінше, ол бір банктен алғаш рет карта аштырмақ болады. Алайда, елорда тұрғыны жаңа карта иелене алмайтын болып шығыпты. Себебі, төленбеген айыппұлдары үшін оның барлық есепшоттары бұғатталып тастаған екен.

Өзінің қайда және қашан тәртіп бұзғанын біле алмаған көлік жүргізушісі күтпеген сот шешіміне кезігеді. Онда Шымкент қаласының 2018 жылы 1 қаңтарда туған азаматына көлік фарларын жақпағаны үшін айыппұл бекітілгені жазылыпты.

Алайда, ЖСН нөмірі жазылатын жерде Астана қаласы тұрғынының ЖСН нөмірі тіркеліп тұрған көрінеді. Азамат полицияда мұндай маңызды құжатты қалай тексермей бекітетінін айтып, таң қалуда.


Новости партнеров