Отандық танымал журналист, Ішкі істер органдары Медиа орталығының бас редакторы Ануар Омаров қайтыс болды. Бұл хабарды кеше түнде өзінің Фейсбук парақшасында Арыстан Омар жариялаған болатын. ІІМ баспасөз қызметі де бұл ақпаратты растады, деп хабарлайды Stan.kz.
Ақпаратты жазған Арыстан Омардың айтуынша, Ануар Омаров 38 жасында жұмыс үстінде жүрегі қысылып, қайтыс болған.
Қайғылы жаңалықпен бөліскен әріптестері мен достары желі беттеріне Ануар Омаровтың қандай екендігін жазып, туыс-туғандары мен жақындарына көңіл айтуда.
«Ануар Омаровтың өлімі маған қатты тиді. Оны тек бес рет 0ана көрсемде, жақын адамымдай қайғырып отырмын. Өзіме не болғанын білмеймін, мүмкін шығармашылық адамдар бір-бірін осылай сезентін шығар. Ол өте ақкөңіл адам еді, әрдайым көңілді жүретін. Жатқан жерің жайлы болсы», – деп жазба қалдырған Манзура Жетпісбаева.
«Былтыр жарықтықтан өзімше орысша сұхбат алған едім… Сұрақтарым онша емес болса да, өзіне тән байсалдылықпен, байыптылықпен, түсініксіз тереңдікпен жауап беріп еді… Соның ішіндегі бір сұрағымды оқып, оған берген жауабын оқып, жүрегім дір етті», – дейді Әбу-Асқар Мекешұлы.