Семейде 12-ші қабаттан құлаған ер адам аман қалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Семейде тұрғын үйдің 12-ші қабатынан құлап кеткен азамат аман қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
30 жастағы қала тұрғыны теледидардың антеннасын түзету үшін 12 қабатты үйдің шатырына шыққан. Бірақ аяғы тайып кетіп, құлаған. Абырой болғанда ол 9-қабатқа құлап, соның арқасында тірі қалды. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар азаматты төменге түсіріп, жедел жәрдем дәрігерлеріне табыстады.
«Оқыс оқиға 19 қыркүйек күні сағат 15.16-да Әуезов көшесі, 22 мекенжайында тіркелді. Қазір азаматтың денсаулығы жақсы. Жедел медициналық жәрдем ауруханасының травматология бөлімінде жатыр. Құтқару шарасына жеке құрамның 3 қызметкері мен 1 арнайы техника жұмылдырылды» делінген қалалық ТЖБ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
08.11.2026 12:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
08.11.2026 09:21
8 қарашаға арналған валюта бағамы
08.11.2026 09:00
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
08.11.2026 12:39
Көзі көрмейтін мас жүргізуші тасжолмен 240 шақырым жүріп өткен
08.11.2026 11:33