Ер адам бір айдай бұрын туыстарына қоңырау шалып, жоғалып кеткен, ол көрші ауылға жете алмаған.
Бұтақ өзенінің жағасындағы тоғайдан адамның денесі табылды, деп хабарлады Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі.
«Сейсенбі, 5 желтоқсан күні осы жылдың 9 қарашасында із-түзсіз жоғалған Алдашев Кенжебай Мұханбетұлының мәйіті табылды», — деді полиция қызметкерлері.
Фермердің қалай қайтыс болғаны анықталып жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалды.
1964 жылы туған Кенжебай Алдашев Ақтөбенің іргесіндегі Заречный елдімекенінде тұрған. Ол көрші ауылдағы ағасының үйіне шығып кетіп, із-түзсіз жоғалған.
Туыстарының айтуынша, соңғы рет телефон арқылы хабар берген.
«Аяғым балшыққа батты! Бұтақтан ұстап тұрмын!», — деген Алдашев жақын жердегі көліктің дауысын естіп, жарығын көргенін айтқан.
Ер адамды іздеуге құтқарушылар жіберілді, бірақ олар жоғалған адамды бірден таба алмады.
Дереккөз: sputniknews.kz