|
14.11.2018 | 19:12
3048

Алматыда полиция енді көліктердің орташа жылдамдығын өлшейді

Алматыда полиция енді көліктердің орташа жылдамдығын өлшейді

Алматылық полицейлер енді көліктердің орташа жылдамдығын өлшемек. Өзгеріс қала көшелерінде 1 желтоқсаннан бастап іске қосылады.

Бұдан былай бақылау камералары көліктің жылдамдық шегін тек бекеттерге жақын жерде ғана емес, бүкіл бағыт бойымен анықтайды. Өйткені, жүргізушілердің басым бөлігі тек анықтағыш жүйенің жанына жеткенде ғана жылдамдықты бәсеңдететін көрінеді. Қазір тәртіп сақшылары Алматыдағы 110 автоматтандырылған бейнебақылау жүйесіне жаңа функцияны енгізуде. Ал алдағы жылдары камералар саны 142-ге жетеді.  

«Бекеттердің құрамына жаңа функция енгізілген болатын. Яғни, А пунктінен Б пунктіне жеткен сәтте орташа жылдамдықты есептеп отырып, егер жылдамдықты асыру дерегі анықталса, онда айыппұлдар салынатын болады. Бұл жаңашылдықты іске енгізудің бірден бір себебі, қаламыздағы жол ахуалын тұрақтандыру. Жол қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз ету және адамдардың жолдағы өмірі мен денсаулығын сақтап қалу», – деді Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат ӘЗІРБЕК.




Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир