Тойда күйеу жігіт жоғалып кетті

Тойда күйеу жігіт жоғалып кетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Күйеу жігітті құқық қорғаушылар сыртқа шақырып, қолын қайырып алып кеткен

Қырғызстанда қызық жағдай болды, үйлену тойы күйеу жігітсіз өтті. Бұл туралы радио және телевидение жүргізушісі, асаба Ерік Молдалиев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

«Күйеу жігітті милиция алып кеткенге дейін бәрі мінсіз өтіп жатты. Алғашқы жарты сағатта жас жігіт қайда кеткенін ешкім түсінген жоқ, ал оған қоңырау шалған кезде ішкі істер бөлімінде отырғаны белгілі болды. Бұған кімнің қатысы бар екенін білмеймін, алайда оқиға былай өрбіген: күйеу жігітке біреу қоңырау шалады да, тойға сыйлық әкелгенін айтып, сыртқа шығуын өтінеді. Сол жерде қолын қайырып алып кеткен», — деді Ерік Молдалиев.

Оның айтуынша, алдымен қалыңдыққа ешкім ештеңе айтпаған, алайда мұндай жиында күйеу жігіттің жоқ екенін жасыру мүмкін емес еді.

«Қалыңдық жігіт байланысқа шығып, жағдайы жақсы екенін айтқаннан кейін ғана тыныштала бастады. Айтпақшы, күйеу жігіттің болмауы қонақтардың көңіл-күйіне әсер етпеді. Мен өз жұмысымды атқардым, қонақтар көңілді отырды. Тойдың негізгі бөлігі бас кейіпкерсіз өтті, ол тек 23.00-ге қарай оралды, аман-есен екен», — деп толықтырды асаба жігіт.

Үйлену тойында билеген толық әйел жұртты күлкіге қарық қылды

Ерік Молдалиев той-жиында күтпеген оқиғалар болатынын айтады. Тағы бірде оператор тортты абайсызда құлатып алыпты.

«Залдағылар қалайша аһ ұрғанын естісеңіз ғой. Жастар тығырықтан шеберлікпен шығып кетті: олар алдымен еденде жатқан тәттіден дәм татты, әрине, таза жерінен. Сосын қонақтарды шақырды, ал олар қолдау көрсетті», — деп түйіндеді ол.


Новости партнеров