|
18.10.2018 | 11:43
2245

Шымкентте күдіктілерді ұстау барысында полицейді пышақтап кетті

Шымкентте күдіктілерді ұстау барысында полицейді пышақтап кетті

Бүгін Шымкент қаласының полиция қызметкерлері көшелерді бақылау кезінде автотұрақ маңында күдікті тұлғаларды байқап, жағдайды анықтамақ болған уақытта күдіктінің біреуі қашпақ болды, деп хабарлайды Отырар.кз.

Учаскелік полиция инспекторы сол мезетте артынан қуып, ұстау кезінде күдіктінің біреуі полиция қызметкеріне қарсылық білдіріп, бірнеше рет пышақ жарақатын салған. Соған қарамастан жаралы полиция қызметкері қолмен күрес әдісін қолданып қылмыскерді ұстады.

Жаралы полиция қызметкері қалалық ауруханалардың біріне жеткізіліп, оған медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі таңда күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, оларға қатысты ҚР ҚК-нің 1-бабымен «Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің өміріне қолсұғушылық» бабымен сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир