Астанада дәрігердің науқасты соққыға жығуы: оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Астанада дәрігердің науқасты соққыға жығуы: оқиғаның мән-жайы белгілі болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Денсаулық сақтау басқармасы елордалық ауруханада науқастың соққыға жығылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputniknews.

Instagram желісіндегі zhest_kz тобында жарияланған видеода дәрігер науқасты тепкілеп жатыр. Бейнежазбаның Астанадағы №2 қалалық ауруханада түсірілгені айтылған.

Аталған дерек бойынша тергеу жүргізілді. Денсаулық сақтау басқармасы бұл мәліметті жоққа шығарды.

«Әлеуметтік желілерде жарияланған дәрігердің науқасты тепкілегені туралы видео интерьері бойынша Астана қаласының №2 қалалық ауруханасының қабылдау бөліміне сәйкес келмейді», – делінген ведомствоның ресми хабарламасында.

Оның үстіне, видеоролик кейіпкерлері емхананың қызметкерлері емес.

«Анықталғандай, оқиға Астана қаласының медициналық мекемесінде болмаған», – деп мәлімдеді ведомство баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылы 29 жастағы Николай Кривенконы елорданың медициналық-әлеуметтік реабилитация орталығында өлгенше сабап тастаған еді. Осыған байланысты ІІД патруль қызметінің сержанты мен фельдшер ұзақ мерзімге сотталған болатын.


Новости партнеров